21
сәуір
2024
Биыл киелі білім ордасына 100 жыл

Биыл киелі білім ордасына 100 жыл толып отыр.
Мектеп 1924 жылы «Алаш" партиясының қайраткері, ағартушы, публицист Имам Әлімбековтің бастамасымен ашылған.
Имам Әлімбеков (1883 — 17.09.1938 жылдары өмір сүрген) — “Алаш” партиясының қайраткері, ағартушы, публицист.
Қарқаралыдағы орыс-қазақ училищесін, Семей мұғалімдер семинариясын бітірген. Қазан төңкерісіне дейін Семей мектептері мен гимназияларында мұғалім болды. 1917 — 18 ж. Семей өңірінде “Алаш” партиясының облыстық және уездік ұйымдарын құруға белсене қатысты. Облыстық қазақ комитетінің мүшесі, “Алаштың” Семей обкомы төрағасының орынбасары, “Қазақ” газеті басқармасның қызметкері, “Сарыарқа” газетінің редакторы, Алашорда атты әскерлер полкін жасақтаушылардың бірі, Семей уездік Кеңесінің мүшесі болды. 1919 ж. көктемінде колчакшылардың абақтысында отырып шықты.